Жаңалықтар
 
тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

Құрметті кітапханашылар!


Сіздерді 23 сәуір — Кітапханашылар күні және Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз — рухани байлықтың алтын көпірі, білім мен мәдениеттің шамшырағы. Оқырманға жол көрсетіп, кітап әлеміне жетелеген қызметтеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және толағай жетістіктер тілейміз!

Университет қабырғасында «Академиялық кітапханаларды дамытудағы заманауи трендтер» атты XIII Халықаралық конференцияда «IRBIS» мектебінің ашылуы өтті.

Жиынның мақсаты – академиялық кітапханалардың цифрлық трансформациясын қолдау, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және сала мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Жиынға кітапхана саласының мамандары, ғылыми қауымдастық өкілдері және ақпараттық технологиялар сарапшылары қатысты.

Ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева құттықтау сөз алып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде, «IRBIS» мектебінің академиялық кітапханаларды дамытудағы рөлін атап өтіп, мұндай халықаралық алаңдардың кәсіби қауымдастықты біріктіріп, тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік беретінін жеткізді. Сонымен қатар, кітапхана саласының цифрлық трансформация кезеңіне өтіп жатқанын айтып, жаңа технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Ректордың айтуынша, бұл бастама халықаралық әріптестікті нығайтып, кітапханаларды білім мен инновация орталығына айналдыруға ықпал етеді.

«IRBIS» мектебі кітапхана-ақпараттық саланың заманауи дамуына бағытталған маңызды кәсіби алаң ретінде ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында кітапхана үдерістеріне жасанды интеллект технологияларын енгізу, автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйелерді дамыту, цифрлық сервистерді жетілдіру және кітапхана қорларын тиімді басқару мәселелері қарастырылды.

Жиын барысында Ресей Федерациясының жетекші ғылыми ұйымдарының өкілдері мен халықаралық сарапшылар заманауи цифрлық шешімдер бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, «IRBIS 64» және «БАРЫС» автоматтандырылған кітапханалық жүйелерінің мүмкіндіктері мен интеграциялық шешімдері таныстырылды.

Тәжірибелік бөлім ерекше форматта өтті. Қатысушылар нақты кейстермен жұмыс істеп, кәсіби жағдайларды талдады. Электрондық каталог жүргізу, библиографиялық жазбаларды түзету және толықтыру бойынша практикалық дағдылар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес есептілікті автоматтандыру мәселелері қарастырылып, 691 және 900 өрістерін толтыру тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар, цифрлық кітапханаларды дамыту бағыттары да кеңінен қамтылды. Веб-модульдер, электрондық кітапханалар және мобильді сервистерді енгізу мәселелері талқыланды. Кітапхана қорларын толықтыру үдерістеріне ерекше назар аударылды.

Үш күнге жоспарланған «IRBIS» мектебі алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастырады. Қатысушыларды практикалық сабақтар, семинарлар және кәсіби пікірталастар күтіп тұр. Басқосу кітапхана саласының дамуына жаңа серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

 

Құрметті университет профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

   Сіздерді, 2026 жылғы 22-25 сәуір күндері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, ҚР Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының ұйымдастыруымен, Дулати университетінде өтетін  «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: халықаралық тәжірибе және AI-SANA ұлттық бағдарламасы»-тақырыбындағы «Академиялық кітапханаларды дамытудың заманауи трендтер» (ICAL-2026) атты XIII Халықаралық конференцияға шақырамыз!
   Қатысушылар білім беру және ғылыми ортада Жасанды интеллектті қолданудың озық халықаралық тәжірибелерімен, инновациялық шешімдерімен және практикаларымен бөліседі.     
  Сонымен қатар, конференция аясында кітапхана саласының жетекші мамандары, ғылыми қауымдастық өкілдері және ақпараттық технологиялар саласының сарапшылары кітапханалардың трансформациясындағы ЖИ  рөлін талқылайды.
   Атап айтқанда, процестерді автоматтандыру, ақпаратты интеллектуалды іздеу және жаңа буын электрондық қызметтерді дамыту бағыттары кеңінен талқыланады.
  Конференция мазмұнды кәсіби диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар цифрлық дәуір жағдайында кітапханалық-ақпараттық қызметті дамытуға бағытталған жаңа идеялар, серіктестіктер мен бірлескен бастамалардың қайнар көзіне айналады.
 
КЕЛІҢІЗДЕР!
КОНФЕРЕНЦИЯ ҚОНАҒЫ БОЛЫҢЫЗДАР!

Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

      EBSCO компаниясы сіздерді 2026 жылдың сәуір айында өтетін вебинарлар сериясына шақырады.   

     Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі.  

      Әр   вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды.
      Сізді қызықтыратын вебинарды таңдап, тіркелуіңізді сұраймыз.

Вебинарлардың кестесін хаттың төменгі бөлігіндегі тіркемеден және осы сілтеме арқылы таба аласыз: https://ebsco-russian.zoom.us/calendar/search

Бұл ақпаратпен әріптестеріңізбен  бөлісіңіздер.

                                                   Вебинар  қатысушыларға  сертификаттар беріледі.

Өтетін кұні /уақыты

Вебинар тақырыбы

Тіркелу

 

1.                

20 сәуір 12.00 (Астана уақыты) 

EBSCOhost платформасындағы электрондық журналдардың толықмәтінді коллекцияларына қолжетімділік және оларды ұйымыңыздың ғылыми-тәжірибелік және білім беру қызметінде пайдалану

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_HGMDtTbYT2ePmElM7eOhCw

2.                

21 сәуір 12.00 (Астана уақыты) 

Ұйымыңызда электрондық ресурстарды қалай насихаттауға болады (тек кітапханашылар үшін)

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_Rxcy3i6rQcq-z31PstQcmg

3.                

21 сәуір 15.00 (Астана уақыты) 

- EBSCOhost платформасындағы электрондық журналдардың толықмәтінді коллекцияларына қолжетімділік және оларды ұйымыңыздың ғылыми-тәжірибелік және білім беру қызметінде пайдалану

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_MkUpiMeZT0O3AFogU5e7iA

4.                

NEW!!! 22 сәуір 15.00 (Астана уақыты) 

-Жасанды интеллект көмегімен іздеуді қалай жақсартуға болады. Ғылыми жұмыстар жазуда пайдалы EBSCOhost® құралдары

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_XXv_B4rVS1mCLoAC2J_pjA

5.                

23 сәуір 12.00 (Астана уақыты) 

-  EBSCO Connect – EBSCO электрондық ресурстарын көрінетін әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін құралдар алаңы (тек кітапханашылар үшін)

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_hjNBg91dRdWlfYqOGNL1tA 

6.                

23 сәуір 15.00 (Астана уақыты) 

-Әлемнің ең танымал баспаларының электрондық кітаптарына кез келген уақытта және кез келген жерден қолжетімділік

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_gjew7GSySweJuwCzM5ErQQ

7.                

24 сәуір 12.00 (Астана уақыты) 

 - Цифрлық дәуірдегі кітапханашылардың кәсіби құзыреттері

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_Pbn-ELr1Tt64aHkUSu11IA

8.                

NEW!!! 24 сәуір 15.00 (Астана уақыты) 

– Бизнес және экономика ресурстарына арналған жаңа бизнес-интерфейс

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_Ou56RoO3Rfipw36qQGME9Q

9.                

27 сәуір 15.00 (Астана уақыты) 

– Medline және CINAHL ғылыми медициналық журналдар коллекциялары – оқытушыларға, студенттерге, ғалымдарға және тәжірибелік дәрігерлерге көмек

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN__hkHKKXMSdeGrMrQsPGnRg

10.             

28 сәуір 12.00 (Астана уақыты) 

EBSCO Experience Manager and EBSCOadmin – EBSCO ресурстарын басқаруға арналған платформаларға шолу (электрондық ресурстармен жұмысқа жауапты кітапханашылар үшін)

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_XcVu3AHwQwKc88WcPr8LkA 

11.             

29 сәуір 12.00 (Астана уақыты) 

– ECM (EBSCOhost Collection Manager) платформасы – EBSCO электрондық кітаптарының электрондық каталогы. Кітап коллекцияларын сатып алу және басқару (тек кітапханашылар үшін)

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_DTAW2t15QoqkF4nGXR-UGw

12.             

29 сәуір  15.00 (Астана уақыты) 

EBSCO Discovery Service VS Google Scholar – іздеу мүмкіндіктерін салыстыру. Ғылыми жарияланым дайындауда EBSCO Discovery Service қолданудың артықшылықтары

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_dAWzNhHVSaGiKEthY6xoog

13.             

30 сәуір 12.00 (Астана уақыты) 

Қалта кітапханасы, немесе EBSCO мобильді қосымшасы туралы бірнеше сөз

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_EnKZ7YmhRFSo11D3B7DtVw

14.             

30 сәуір 15.00 (Астана уақыты) 

EBSCO электрондық ресурстары – әлемдік деңгейдегі ғылыми мақалаларды дайындауға арналған құралдар

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_FuoBNc30Qiygzl1Ig8sk-Q

Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді онлайн іс-шараларға қатысуға шақырамыз!
   Elsevier  компаниясы сәуір айына арналған барлық ниет білдірушілер үшін ашық вебинарлар өткізеді:  https://bit.ly/els_webinars_ru
             Қатысушылар сертификат ала алады.
   Тіркеліп, пайдалы ақпарат алыңыздар:
 - 20 сәуір, сағат 15:00
Тақырыбы: «Scopus негіздері: мақалаларды іздеу және журналдарды таңдау»
Тіркелу сілтемесі:
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_OryBsf14TayfD5qCsDPWqQ#/registration
 - 21 сәуір, сағат 15:00
Тақырыбы: «Scopus-та ғылыми әдебиеттерді іздеу және шолу: тереңдетілген вебинар»
Тіркелу сілтемесі:
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_Qnib9wJ4T3KuEDFW9ISDyg#/registration
 - 22 сәуір, сағат 15:00
Тақырыбы: «Scopus-та жариялау үшін қолайлы журналды қалай таңдауға болады?»
Тіркелу сілтемесі:
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_-rFFtR3IRGO5UrzDpQkGpA#/registration
 - 28 сәуір, сағат 15:00
Тақырыбы: «Scopus бойынша практикалық семинар – тыңдаушылар сұрақтарын талдау»
Тіркелу сілтемесі:
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_cmFrey8BQQC_jN-QWIbLZg#/registration
 - 30 сәуір, сағат 15:00
Тақырыбы: «Коллаборациялар, менторлар, авторлық профильдер және метрикалар»
Тіркелу сілтемесі:  
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_q8OKoYQJSNGj9GigxuXGHQ#/registration

 

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,  жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді кітапханалық-ақпараттық орталықтың №6 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Кафедра күндеріне» шақырамыз!
   - 2026 жылдың 14 – 30 сәуір аралығында, сағат 10-00-17.00 «Педагогика және  әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру», «Педагогикалық психология», «Әлеуметтік психология», «Арнайы және әлеуметтік педагогика», «Мәдениет және өнер», «Музыка және көркемдік білім», «Философия және саясаттану», «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультеті «Алғашқы әскери дайындық», «Спорттық пәндердің әдістемесі», «Дене шынықтыру және спорт теориясының әдістемесі», «Дене тәрбиесі» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен  ИРБИС 64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.edu.kz құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, E-UNI, PROF образование, EBSCO, eLIBRARY.RU, Web of Science, Wiley Online Library,  Scopus  отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                        Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                    №6 оқу залы (5.2 педагогикалық кешен)