Жаңалықтар
 
тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

Құрметті  оқырман қауым!

   Сіздерді, 2026 жылдың 27 ақпанында, сағ.15.00-де  Кітапханалық-ақпараттық орталықта өтетін  Бауыржан Момышұлының 115- жылдығына арналған «Өшпес ерлік –өлмес рух» атты тарихи кешіне шақырамыз!
   Өтетін орны:  Кітапханалық-ақпараттық орталық, № 1 оқу залы (103 ауд, 2.6-кешен)  

Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

   2026 жылдың 25 ақпанында  сағат 15:00-де (Алматы уақыты бойынша) Сіздерді онлайн-кездесуге шақырамыз.
   Кездесу барысында IPR SMART платформасының мүмкіндіктері және оның оқу үдерісіндегі рөлі тәжірибе жүзінде қарастырылады.
  Тіркелу:  https://edp-hub.kz/smart-mastering-digital-tools
   Кездесуде Сіз:
• Университетіңіздің 80 000-нан астам әртүрлі тілдегі оқу және ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ 600-ден астам журнал атауларын қамтитын IPR SMART платформасына қосылғанын білесіз;
• Білім беру бағдарламаларына сәйкес қажетті контентті жедел іріктеу және жаңа пәнге әдебиеттерді табу жолдарын меңгересіз;
• Оқытушының белсенділігі кітаппен қамтамасыз етілу көрсеткішіне қалай әсер ететінін және оның кәсіби беделін қалай нығайтатынын түсінесіз;
• Оқытушы ретінде студенттер үшін үздік тәлімгер әрі олардың академиялық және мансаптық дамуының қозғаушы күші болу жолдарын үйренесіз.
   Нәтижесінде Сіз:
• Білім сапасына және ел үшін жоғары білікті мамандар даярлауға тікелей ықпал ететін университеттің проактивті көшбасшысына айналасыз;
• Жаңа сервистердің көмегімен контентті іздеу мен іріктеуге кететін уақытыңызды үнемдеуді үйренесіз.
           Сіздерді кездесуге қатысуға шақырамыз!

Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

   EBSCO компаниясы сіздерді 2026 жылдың ақпан айында өтетін вебинарлар сериясына шақырады. Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі. Әр   вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды.
 Сізді қызықтыратын вебинарды таңдап, тіркелуіңізді сұраймыз. Вебинарлардың кестесін хаттың төменгі бөлігіндегі тіркемеден және осы сілтеме арқылы таба аласыз: https://ebsco-russian.zoom.us/calendar/search
          Вебинар қатысушыларға  сертификаттар беріледі.
  23 ақпан, 12:00 (Астана уақыты)  ECM платформасы (EBSCOhost Collection Manager) – EBSCO электронды кітаптар каталогы. Кітап қорларын сатып алу және басқару (тек кітапханашылар үшін)
  Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_HI0rdcGdTIORX19Brm3akg
 NEW!!! 23 ақпан, 15:00 (Астана уақыты) Бизнес және экономика ресурстарына арналған жаңа бизнес-интерфейс
 Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_DpbOOd36S9CmRaBajg-WPQ
  24 ақпан, 12:00 (Астана уақыты) – Қалта кітапханасы немесе EBSCO мобильді қосымшасы туралы қысқаша мәлімет
  Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_z3_E5mg0TieWMw67JT2dyw
  24 ақпан, 15:00 (Астана уақыты)  Medline және CINAHL ғылыми медициналық журналдар топтамасы – оқытушыларға, студенттерге, ғалымдарға және практик дәрігерлерге көмек
  Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_PKgjwcnOTC6cRtDDZXWR9w
 25 ақпан, 14:00 (Астана уақыты)  EBSCO Discovery Service VS Google Scholar – іздеу мүмкіндіктерін салыстыру. Ғылыми жарияланым дайындауда EBSCO Discovery Service пайдаланудың артықшылықтары
  Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_bZayxdakSNyM9qq9dzuGGQ
  26 ақпан, 14:00 (Астана уақыты)  EBSCO электронды ресурстары – әлемдік деңгейдегі мақалалар дайындауға арналған құралдар
  Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_56V9nFGSQ8eYS2qve64hEA 
 Вебинар жүргізушісі:   Сержан Ирина, клиенттерді оқыту жөніндегі маман (Молдова, Орталық Азия, Кавказ өңірі)  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №2 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндеріне» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз!
    - 2026 жылдың 24 ақпан - 13 наурыз аралығында, сағат 10.00-17.00 «Технологиялық» факультеті.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, RFID технологиясын пайдалану, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.edu.kz құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, E-UNI, PROF образование, EBSCO, eLIBRARY.RU, Web of Science, Wiley Online Library,  Scopus  отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                             №2 оқу залы (2.1 технологиялық кешен)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

  Сіздерді «Бір ел – бір кітап – 2026» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің "Тағдыр" романы негізінде ұйымдастырылатын «Ұлт тағдыры – ұрпақ аманаты» тақырыбындағы пікірталасқа шақырамыз.
  Іс-шараның мақсаты – шығармада суреттелген тарихи оқиғаларды талдау арқылы ұлттық сананы жаңғырту, жастардың бойында отансүйгіштік рух пен рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
📅 Күні: 20 ақпан 2026 ж.
🕑 Уақыты: 14:00
📍 Орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, №5 оқу залы (4.1 кешен)
            Келіп қатысып, тарихи ойлармен бөлісіңіздер!

Құрметті оқырман!

   2026 жылдың 10 ақпанында қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жырдан жаралған тұлға» атты әдеби кеш өтеді.
   Әдеби кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, өлең-жырлары оқылып, рухани мұрасы дәріптеледі.
   Сіздерді мәнді де мазмұнды әдеби кешке қатысуға шақырамыз.
            Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                               №6 оқу залы (5.2 педагогикалық кешен).