



М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Академиялық кітапханалардың дамуындағы заманауи үрдістер» атты XIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Биылғы басқосу «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: халықаралық тәжірибе және ұлттық AI-SANA бағдарламасы» тақырыбына арналып, цифрландыру мен жасанды интеллекттің кітапхана ісін дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Конференцияның мақсаты – академиялық кітапханалар қызметін жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бағытында отандық және шетелдік мамандар арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Басқосуға Түркия, Қытай, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан келген халықаралық ұйымдар, ғылыми баспалар, ақпараттық платформалар және университет өкілдері қатысты.
Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева алғы сөз алып, академиялық кітапханаларды цифрлық трансформациялау үдерісі уақыт талабы екенін атап өтіп, заманауи ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді енгізу білім беру сапасын арттыруға және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін күшейтуге ықпал ететінін жеткізді. Ректор кітапханалардың тек ақпарат сақтау орны ғана емес, білім мен ғылымды біріктіретін зияткерлік орталыққа айналып келе жатқанын атап өтті. Ректор бұл бағыттағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың ерекше мәнге ие екенін жеткізді.
Конференция барысында академиялық кітапханалардың бүгінгі таңда дәстүрлі білім сақтау орталығынан білім беру және ғылыми-зерттеу үдерісіне тікелей кіріктірілген интеллектуалды орталықтарға айналып келе жатқаны талқыланды. Сондай-ақ, цифрлық технологияларды енгізу, халықаралық ғылыми дерекқорларға қолжетімділікті кеңейту және жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы ақпарат іздеу, талдау және ғылыми қызметті сүйемелдеудің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, университеттік кітапханалардың ақпараттық сауаттылықты дамытудағы, ғылыми жарияланым белсенділігін арттырудағы және зерттеу нәтижелерінің халықаралық дерекқорларда көрінуін қамтамасыз етудегі рөлі ерекше атап өтілді. Дулати университетінде кітапхана-ақпараттық инфрақұрылымды дамыту білім сапасы мен ғылыми зерттеулерді жетілдірудің негізгі факторы ретінде қарастырылады.
«EDP Hub - Kazakhstan» компаниясының директоры Сергей Иванов сөз алып, жаңа технологияларды енгізу кітапхана қызметін жетілдіріп, ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдететінін сөз етті. Сонымен қатар, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану ғылыми ақпаратпен жұмыс істеудің сапасын арттырып, білім беру үдерісіне тың серпін берететінін тілге тиек етті.
Конференцияның маңызды мәдени оқиғаларының бірі – қазақтан шыққан, әлемдік сән индустриясында ерекше із қалдырған Алла Ильчунның 100 жылдығына арналған «QAZAQ FASHION» кітабының тұсаукесері болды. Алла Ильчун әйгілі Кристиан Диордың музасы болған, ал оның өмірі мен шығармашылығы халықаралық сән индустриясының тарихында маңызды орын алады. Франциядағы қазақтар қауымдастығының президенті, экономист және Forbes.kz журналының әрі «QAZAQ FASHION» кітабының авторы Берлин Иришев арнайы қатысып, кітаптың халықаралық деңгейдегі маңызын атап өтті. Өз сөзінде, аталған туынды қазақ мәдениетінің әлемдік сән индустриясындағы орнын айқындайтын маңызды еңбек екенін жеткізді. Ол Алла Ильчун мұрасының халықаралық деңгейде насихатталуы зор жетістік екенін айтты.
Кітаптың лентасын Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева, «EDP Hub - Kazakhstan» компаниясының директоры Сергей Иванов және Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және мұрағат бөлімінің басшысы Шалхар Амантуров қиды.
Онлайн форматта Кітапхана қауымдастықтары мен мекемелерінің халықаралық федерациясының (IFLA) президенті Лесли Уир сөз алып, кітапхана саласының жаһандық деңгейдегі даму үрдістеріне тоқталды. Ол қазіргі таңда кітапханалардың цифрлық трансформациясы мен ашық ғылым қағидаттарын ілгерілетудегі рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударып, IFLA аясындағы бірлескен бастамалар мен жобалар кітапханалардың әлеуетін күшейтуге ықпал ететінін жеткізді.
Конференция барысында заманауи ақпараттық ресурстар көрмелері ұйымдастырылып, қатысушыларға цифрлық кітапханаларға арналған бағдарламалық өнімдер, электронды дерекқорлар, автоматтандырылған жүйелер және инновациялық платформалар таныстырылды. Көрме барысында кітапхана қызметін цифрландыруға арналған соңғы технологиялық шешімдер көрсетіліп, қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бұл көрме кітапхана саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен халықаралық тәжірибені кеңінен көрсету алаңына айналды.
Конференция соңында кітапхана саласын дамытуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланып, жаңа технологиялық шешімдер ұсынылды.
Құрметті кітапханашылар!
Сіздерді 23 сәуір — Кітапханашылар күні және Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз — рухани байлықтың алтын көпірі, білім мен мәдениеттің шамшырағы. Оқырманға жол көрсетіп, кітап әлеміне жетелеген қызметтеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және толағай жетістіктер тілейміз!
Университет қабырғасында «Академиялық кітапханаларды дамытудағы заманауи трендтер» атты XIII Халықаралық конференцияда «IRBIS» мектебінің ашылуы өтті.
Жиынның мақсаты – академиялық кітапханалардың цифрлық трансформациясын қолдау, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және сала мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Жиынға кітапхана саласының мамандары, ғылыми қауымдастық өкілдері және ақпараттық технологиялар сарапшылары қатысты.
Ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева құттықтау сөз алып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде, «IRBIS» мектебінің академиялық кітапханаларды дамытудағы рөлін атап өтіп, мұндай халықаралық алаңдардың кәсіби қауымдастықты біріктіріп, тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік беретінін жеткізді. Сонымен қатар, кітапхана саласының цифрлық трансформация кезеңіне өтіп жатқанын айтып, жаңа технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Ректордың айтуынша, бұл бастама халықаралық әріптестікті нығайтып, кітапханаларды білім мен инновация орталығына айналдыруға ықпал етеді.
«IRBIS» мектебі кітапхана-ақпараттық саланың заманауи дамуына бағытталған маңызды кәсіби алаң ретінде ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында кітапхана үдерістеріне жасанды интеллект технологияларын енгізу, автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйелерді дамыту, цифрлық сервистерді жетілдіру және кітапхана қорларын тиімді басқару мәселелері қарастырылды.
Жиын барысында Ресей Федерациясының жетекші ғылыми ұйымдарының өкілдері мен халықаралық сарапшылар заманауи цифрлық шешімдер бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, «IRBIS 64» және «БАРЫС» автоматтандырылған кітапханалық жүйелерінің мүмкіндіктері мен интеграциялық шешімдері таныстырылды.
Тәжірибелік бөлім ерекше форматта өтті. Қатысушылар нақты кейстермен жұмыс істеп, кәсіби жағдайларды талдады. Электрондық каталог жүргізу, библиографиялық жазбаларды түзету және толықтыру бойынша практикалық дағдылар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес есептілікті автоматтандыру мәселелері қарастырылып, 691 және 900 өрістерін толтыру тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар, цифрлық кітапханаларды дамыту бағыттары да кеңінен қамтылды. Веб-модульдер, электрондық кітапханалар және мобильді сервистерді енгізу мәселелері талқыланды. Кітапхана қорларын толықтыру үдерістеріне ерекше назар аударылды.
Үш күнге жоспарланған «IRBIS» мектебі алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастырады. Қатысушыларды практикалық сабақтар, семинарлар және кәсіби пікірталастар күтіп тұр. Басқосу кітапхана саласының дамуына жаңа серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.





Құрметті университет профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!
EBSCO компаниясы сіздерді 2026 жылдың сәуір айында өтетін вебинарлар сериясына шақырады.
Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі.
Әр вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды.
Сізді қызықтыратын вебинарды таңдап, тіркелуіңізді сұраймыз.
Вебинарлардың кестесін хаттың төменгі бөлігіндегі тіркемеден және осы сілтеме арқылы таба аласыз: https://ebsco-russian.zoom.us/calendar/search
Бұл ақпаратпен әріптестеріңізбен бөлісіңіздер.
Вебинар қатысушыларға сертификаттар беріледі.
|
№ |
Өтетін кұні /уақыты |
Вебинар тақырыбы |
Тіркелу
|
|
1. |
20 сәуір 12.00 (Астана уақыты) |
EBSCOhost платформасындағы электрондық журналдардың толықмәтінді коллекцияларына қолжетімділік және оларды ұйымыңыздың ғылыми-тәжірибелік және білім беру қызметінде пайдалану |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_HGMDtTbYT2ePmElM7eOhCw |
|
2. |
21 сәуір 12.00 (Астана уақыты) |
Ұйымыңызда электрондық ресурстарды қалай насихаттауға болады (тек кітапханашылар үшін) |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_Rxcy3i6rQcq-z31PstQcmg |
|
3. |
21 сәуір 15.00 (Астана уақыты) |
- EBSCOhost платформасындағы электрондық журналдардың толықмәтінді коллекцияларына қолжетімділік және оларды ұйымыңыздың ғылыми-тәжірибелік және білім беру қызметінде пайдалану |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_MkUpiMeZT0O3AFogU5e7iA |
|
4. |
NEW!!! 22 сәуір 15.00 (Астана уақыты) |
-Жасанды интеллект көмегімен іздеуді қалай жақсартуға болады. Ғылыми жұмыстар жазуда пайдалы EBSCOhost® құралдары |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_XXv_B4rVS1mCLoAC2J_pjA |
|
5. |
23 сәуір 12.00 (Астана уақыты) |
- EBSCO Connect – EBSCO электрондық ресурстарын көрінетін әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін құралдар алаңы (тек кітапханашылар үшін) |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_hjNBg91dRdWlfYqOGNL1tA |
|
6. |
23 сәуір 15.00 (Астана уақыты) |
-Әлемнің ең танымал баспаларының электрондық кітаптарына кез келген уақытта және кез келген жерден қолжетімділік |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_gjew7GSySweJuwCzM5ErQQ |
|
7. |
24 сәуір 12.00 (Астана уақыты) |
- Цифрлық дәуірдегі кітапханашылардың кәсіби құзыреттері |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_Pbn-ELr1Tt64aHkUSu11IA |
|
8. |
NEW!!! 24 сәуір 15.00 (Астана уақыты) |
– Бизнес және экономика ресурстарына арналған жаңа бизнес-интерфейс |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_Ou56RoO3Rfipw36qQGME9Q |
|
9. |
27 сәуір 15.00 (Астана уақыты) |
– Medline және CINAHL ғылыми медициналық журналдар коллекциялары – оқытушыларға, студенттерге, ғалымдарға және тәжірибелік дәрігерлерге көмек |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN__hkHKKXMSdeGrMrQsPGnRg |
|
10. |
28 сәуір 12.00 (Астана уақыты) |
- EBSCO Experience Manager and EBSCOadmin – EBSCO ресурстарын басқаруға арналған платформаларға шолу (электрондық ресурстармен жұмысқа жауапты кітапханашылар үшін) |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_XcVu3AHwQwKc88WcPr8LkA |
|
11. |
29 сәуір 12.00 (Астана уақыты) |
– ECM (EBSCOhost Collection Manager) платформасы – EBSCO электрондық кітаптарының электрондық каталогы. Кітап коллекцияларын сатып алу және басқару (тек кітапханашылар үшін) |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_DTAW2t15QoqkF4nGXR-UGw |
|
12. |
29 сәуір 15.00 (Астана уақыты) |
- EBSCO Discovery Service VS Google Scholar – іздеу мүмкіндіктерін салыстыру. Ғылыми жарияланым дайындауда EBSCO Discovery Service қолданудың артықшылықтары |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_dAWzNhHVSaGiKEthY6xoog |
|
13. |
30 сәуір 12.00 (Астана уақыты) |
- Қалта кітапханасы, немесе EBSCO мобильді қосымшасы туралы бірнеше сөз |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_EnKZ7YmhRFSo11D3B7DtVw |
|
14. |
30 сәуір 15.00 (Астана уақыты) |
- EBSCO электрондық ресурстары – әлемдік деңгейдегі ғылыми мақалаларды дайындауға арналған құралдар |
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_FuoBNc30Qiygzl1Ig8sk-Q |
28 «Сәуір» 2026
605