Құрметті әріптестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларыңызға жарқын келешек сыйласын! Сіздерге мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттіліктер тілейміз!
Ізгі ниетпен,Кітапханалық-ақпараттық орталық ұжымы
Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!
EBSCO компаниясы сіздерді 2025 жылдың желтоқсан айында өтетін вебинарлар сериясына шақырады. Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі. Әр вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды.
Сізді қызықтыратын вебинарды таңдап, тіркелуіңізді сұраймыз. Вебинарлардың кестесін хаттың төменгі бөлігіндегі тіркемеден және осы сілтеме арқылы таба аласыз: https://ebsco-russian.zoom.us/calendar/search
Вебинар қатысушыларға сетификаттар беріледі.
19 желтоқсан, сағат 10.00 (Москва уақыты) – Ұйымыңызда электрондық ресурстарды қалай ілгерілетуге болады (тек кітапханашыларға арналған).
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_pqsK_G9ETDu34Vt_0DPyGQ#/registration
22 желтоқсан, сағат 10.00 (Москва уақыты) – EBSCO Connect – EBSCO электрондық ресурстарын көрнекі әрі кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін құралдар алаңы (тек кітапханашыларға арналған).
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_o5_RPdBVQ8WIJ1K33dRbcw#/registration
23 желтоқсан, сағат 10.00 (Москва уақыты) – ECM платформасы (EBSCOhost Collection Manager) – EBSCO электрондық кітаптарының каталогы. Кітап коллекцияларын сатып алу және басқару (тек кітапханашыларға арналған).
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_tyFsc7NFSiC0LioW3AG9Ow#/registration
23 желтоқсан, сағат 13.00 (Москва уақыты) – Бизнес және экономика ресурстарына арналған жаңа бизнес интерфейсі.
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_YZsZSJgpS-y_JUdC-gIkcQ#/registration
24 желтоқсан, сағат 10.00 (Москва уақыты) – Цифрлық дәуірдегі кітапханашылардың кәсіби құзыреттері.
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_9Sn_ZXFSSg28P5LnjotSpQ#/registration
24 желтоқсан, сағат 13.00 (Москва уақыты) – Medline және CINAHL ғылыми медициналық журналдар топтамалары – оқытушыларға, студенттерге, ғалымдарға және практик дәрігерлерге көмек.
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_rJruygzPQn2eHIyQ7EyL3A#/registration
26 желтоқсан, сағат 10.00 (Москва уақыты) – EBSCO Experience Manager және EBSCOadmin – EBSCO ресурстарын басқаруға арналған платформаларға шолу (электрондық ресурстармен жұмысқа жауапты кітапханашылар үшін).
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_E8a8b3MRRZeXBVhaYYse-g#/registration
29 желтоқсан, сағат 13.00 (Москва уақыты) – Әлемдік деңгейдегі мақалаларды дайындауға арналған құрал ретінде EBSCO электрондық ресурстары.
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_TVbHicHlRBGweeRUXTgMQg#/registration
Вебинар жүргізушісі: Сержан Ирина, клиенттерді оқыту жөніндегі маман (Молдова, Орталық Азия, Кавказ өңірі)

Құрметті оқырман қауым!
Сіздерді Қазақстан Республикасының басты мерекелерінің бірі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы, ел үшін жанын қиған ерлердің өшпес ерлігі мен жас ұрпақтың асқақ рухының жемісі. Желтоқсан оқиғасында ел болашағы үшін бастарын бәйгеге тіккен қайсар жастардың ерлігі бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасына айналды.
Көк Туымыз көкте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, болашағымыз баянды болғай!
Құрметті журнал баспагерлері мен редакторлары!
Ғылыми еңбектердің қамтылуы мен ықпалын кеңейтуді мақсат ететін журнал баспагерлері мен редакторларына арналған онлайн іс-шараға Сіздерді шақырамыз!
Wiley Online Library 11 желтоқсан күні, сағат 15:00-де редакторларға арналған маңызды вебинарға шақырады:
«Журнал баспагерлері мен редакторлары зерттеулердің ықпалы мен көрінуін қалай арттыра алады»
Тіркеу сілтемесі: https://register.gotowebinar.com/register/4723739899338665307
Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар!
📆 IPR MEDIA сіздерді желтоқсан айындағы онлайн іс-шараларға шақырады:
🔔 16 желтоқсан сағат 13:00 – Сараптамалық талқылау «Новые образовательные программы и модули в вузах: вопросы внедрения и синхронизации с задачами экономики»
🔗 Тіркелу: https://iprmedia.timepad.ru/event/3703994/
🔔 18 желтоқсан сағат 16:00 – Сараптамалық зертхана «Преемственность образования: как СПО готовит специалистов для вузов будущего»
🔗 Тіркелу: https://iprmedia.timepad.ru/event/3702785/
🔔 23 желтоқсан сағат 16:00 – Үлкен демо-көрсетілім «Итоги года с IPR SMART: контент, сервисы и планы на будущее»
🔗 Тіркелу: https://iprmedia.timepad.ru/event/3703990/
Университеттің оқу ісі және цифрландыру жөніндегі проректорларын, кітапхана қызметкерлерін, әдіскерлерді, IT-білім беру жетекшілерін, кафедра меңгерушілерін, дипломдық жұмыс жетекшілерін — оқытушыларды хабардар етуді ұсынамыз!
Құрметті оқырмандар!
Кітапханалық-ақпараттық орталық заманауи кітапханаларға арналған RFID технологияларының жүйесін орнатып, кітапхана қорындағы кітаптарға RFID - белгі қоюды бастады. Осыған байланысты үйге пайдалануға алған кітаптарыңызды кітапханаға келіп, қайта тіркеуден өткізулеріңізді сұранамыз.
Абонемент №1 (2.1 технологиялық кешен, 2 - қабат) байланыс тел: 45-74-33
16 Ақпан 2026
184