Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!
Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі.
Әр вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды.
Сізді қызықтыратын вебинарды таңдап, тіркелуіңізді сұраймыз.
Вебинарлардың кестесін хаттың төменгі бөлігіндегі тіркемеден және осы сілтеме арқылы таба аласыз: https://ebsco-russian.zoom.us/calendar/search
Бұл ақпаратпен әріптестеріңізбен бөлісіңіздер.
Вебинар қатысушыларға сертификаттар беріледі.
14 мамыр 12.00 - EBSCOhost платформасындағы электрондық журналдардың толықмәтінді коллекцияларына қолжетімділік және оларды ұйымыңыздың ғылыми-тәжірибелік және білім беру қызметінде пайдалану
Тіркелу сілтемесі:
Тіркелу сілтемесі:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_QGlFT0N1TwGIL3XGcm-9kA
19 мамыр 12.00 (Мәскеу уақыты) - EBSCO Experience Manager and EBSCOadmin – EBSCO ресурстарын басқаруға арналған платформаларға шолу (электрондық ресурстармен жұмысқа жауапты кітапханашылар үшін)
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_tXcsIsMCR_-33E2j8a7O6Q
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_Kix0izXYT7-F8rn8Gwk0nQ
20 мамыр 12.00 - EBSCO Connect – EBSCO электрондық ресурстарын көрінетін әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін құралдар алаңы (кітапханашылар үшін)
Тіркелу сілтемесі:
Тіркелу сілтемесі:
Тіркелу сілтемесі:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_MoCde2AKT8CRPHYvhhZJQg
Тіркелу сілтемесі:
Тіркелу сілтемесі:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_hDhpyc2dR56gndA5V6H4Tw
25 мамыр 15.00 - EBSCO Discovery Service пен Google Scholar – іздеу мүмкіндіктерін салыстыру. Ғылыми жарияланым дайындауда EBSCO Discovery Service пайдаланудың артықшылықтары
Тіркелу сілтемесі:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_daYOJBG1Q4CErcrxglLcpA
26 мамыр 12.00 - Қалта кітапханасы, немесе EBSCO мобильді қосымшасы туралы бірнеше сөз
Тіркелу сілтемесі:
26 мамыр 15.00 - EBSCO электрондық ресурстары – әлемдік деңгейдегі мақалалар дайындау құралы ретінде
Тіркелу сілтемесі:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_FJonLBG1SV2XJKIS0ZrtUg
Вебинар жүргізушісі: Сержан Ирина, клиенттерді оқыту жөніндегі маман (Молдова, Орталық Азия, Кавказ өңірі)
Құрметті оқырмандар!
✨ Сіздерді 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн — біздің ата-бабаларымыздың теңдесіз ерлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі. Сұрапыл соғыстан жеңіспен оралған батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Әр үйдің шаңырағында тек бейбітшілік орнап, сәбилердің күлкісі естіле берсін. Ата-баба аманатына адал болып, бейбіт күннің қадірін білейік. Сіздерге ашық аспан, мықты денсаулық және береке-бірлік тілейміз. Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болсын! Жеңіс күні құтты болсын! 🕊️
Қымбатты оқырмандар!
🌹Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
🌹Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!🌹




М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Академиялық кітапханалардың дамуындағы заманауи үрдістер» атты XIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Биылғы басқосу «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: халықаралық тәжірибе және ұлттық AI-SANA бағдарламасы» тақырыбына арналып, цифрландыру мен жасанды интеллекттің кітапхана ісін дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Конференцияның мақсаты – академиялық кітапханалар қызметін жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бағытында отандық және шетелдік мамандар арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Басқосуға Түркия, Қытай, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан келген халықаралық ұйымдар, ғылыми баспалар, ақпараттық платформалар және университет өкілдері қатысты.
Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева алғы сөз алып, академиялық кітапханаларды цифрлық трансформациялау үдерісі уақыт талабы екенін атап өтіп, заманауи ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді енгізу білім беру сапасын арттыруға және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін күшейтуге ықпал ететінін жеткізді. Ректор кітапханалардың тек ақпарат сақтау орны ғана емес, білім мен ғылымды біріктіретін зияткерлік орталыққа айналып келе жатқанын атап өтті. Ректор бұл бағыттағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың ерекше мәнге ие екенін жеткізді.
Конференция барысында академиялық кітапханалардың бүгінгі таңда дәстүрлі білім сақтау орталығынан білім беру және ғылыми-зерттеу үдерісіне тікелей кіріктірілген интеллектуалды орталықтарға айналып келе жатқаны талқыланды. Сондай-ақ, цифрлық технологияларды енгізу, халықаралық ғылыми дерекқорларға қолжетімділікті кеңейту және жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы ақпарат іздеу, талдау және ғылыми қызметті сүйемелдеудің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, университеттік кітапханалардың ақпараттық сауаттылықты дамытудағы, ғылыми жарияланым белсенділігін арттырудағы және зерттеу нәтижелерінің халықаралық дерекқорларда көрінуін қамтамасыз етудегі рөлі ерекше атап өтілді. Дулати университетінде кітапхана-ақпараттық инфрақұрылымды дамыту білім сапасы мен ғылыми зерттеулерді жетілдірудің негізгі факторы ретінде қарастырылады.
«EDP Hub - Kazakhstan» компаниясының директоры Сергей Иванов сөз алып, жаңа технологияларды енгізу кітапхана қызметін жетілдіріп, ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдететінін сөз етті. Сонымен қатар, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану ғылыми ақпаратпен жұмыс істеудің сапасын арттырып, білім беру үдерісіне тың серпін берететінін тілге тиек етті.
Конференцияның маңызды мәдени оқиғаларының бірі – қазақтан шыққан, әлемдік сән индустриясында ерекше із қалдырған Алла Ильчунның 100 жылдығына арналған «QAZAQ FASHION» кітабының тұсаукесері болды. Алла Ильчун әйгілі Кристиан Диордың музасы болған, ал оның өмірі мен шығармашылығы халықаралық сән индустриясының тарихында маңызды орын алады. Франциядағы қазақтар қауымдастығының президенті, экономист және Forbes.kz журналының әрі «QAZAQ FASHION» кітабының авторы Берлин Иришев арнайы қатысып, кітаптың халықаралық деңгейдегі маңызын атап өтті. Өз сөзінде, аталған туынды қазақ мәдениетінің әлемдік сән индустриясындағы орнын айқындайтын маңызды еңбек екенін жеткізді. Ол Алла Ильчун мұрасының халықаралық деңгейде насихатталуы зор жетістік екенін айтты.
Кітаптың лентасын Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева, «EDP Hub - Kazakhstan» компаниясының директоры Сергей Иванов және Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және мұрағат бөлімінің басшысы Шалхар Амантуров қиды.
Онлайн форматта Кітапхана қауымдастықтары мен мекемелерінің халықаралық федерациясының (IFLA) президенті Лесли Уир сөз алып, кітапхана саласының жаһандық деңгейдегі даму үрдістеріне тоқталды. Ол қазіргі таңда кітапханалардың цифрлық трансформациясы мен ашық ғылым қағидаттарын ілгерілетудегі рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударып, IFLA аясындағы бірлескен бастамалар мен жобалар кітапханалардың әлеуетін күшейтуге ықпал ететінін жеткізді.
Конференция барысында заманауи ақпараттық ресурстар көрмелері ұйымдастырылып, қатысушыларға цифрлық кітапханаларға арналған бағдарламалық өнімдер, электронды дерекқорлар, автоматтандырылған жүйелер және инновациялық платформалар таныстырылды. Көрме барысында кітапхана қызметін цифрландыруға арналған соңғы технологиялық шешімдер көрсетіліп, қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бұл көрме кітапхана саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен халықаралық тәжірибені кеңінен көрсету алаңына айналды.
Конференция соңында кітапхана саласын дамытуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланып, жаңа технологиялық шешімдер ұсынылды.
13 «мамыр» 2026
61