Жаңалықтар
 
тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

Құрметті «Тарих»  кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы,
  жас ғалымдар мен студенттері!

    Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №1 (2.6) оқу залы, «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті кампусында 2026 жылдың 26-30 қаңтар аралығында, сағат 10.00-17.00 ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.edu.kz құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                         КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

Құрметті оқырмандар!

  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы – еліміздің рухани мұрасын насихаттауға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени жоба. Акция аясында жыл сайын қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары таңдалып, көпшілікке кеңінен ұсынылады.
   Осы акция аясында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы жыл кітабы болып таңдалды. Шығармада қазақ халқының тарихи тағдыры, ел басынан өткен күрделі кезеңдер, ұлт болмысы мен рухани құндылықтары терең көркемдікпен суреттеледі. «Тағдыр» романы – тарихи сананы қалыптастырып, отансүйгіштік пен ұлттық рухты нығайтатын маңызды әдеби туынды. 1990 жылы осы шығарма үшін Қабдеш Жұмаділовқа Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
   Акцияның негізгі мақсаты –  Қабдеш Жұмаділовтың  бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты көркем әдебиетті оқуға баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Осы орайда кітапханаларда, білім беру мекемелерінде және мәдени ұйымдарда түрлі әдеби кештер, оқырман конференциялары, көрмелер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады.
  Барша оқырмандарды «Бір ел – бір кітап» акциясына белсене қатысып, Қабдеш Жұмаділовтың тағылымы мол шығармаларымен танысуға шақырамыз!

Құрметті әріптестер!

 Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларыңызға жарқын келешек сыйласын! Сіздерге мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттіліктер тілейміз!

Ізгі ниетпен,Кітапханалық-ақпараттық орталық ұжымы

Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

  EBSCO компаниясы сіздерді 2025 жылдың желтоқсан айында өтетін вебинарлар сериясына шақырады. Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі. Әр   вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды.
 Сізді қызықтыратын вебинарды таңдап, тіркелуіңізді сұраймыз. Вебинарлардың кестесін хаттың төменгі бөлігіндегі тіркемеден және осы сілтеме арқылы таба аласыз:         https://ebsco-russian.zoom.us/calendar/search  
        Вебинар қатысушыларға  сетификаттар беріледі.
19 желтоқсан, сағат 10.00 (Москва уақыты) – Ұйымыңызда электрондық ресурстарды қалай ілгерілетуге болады (тек кітапханашыларға арналған).
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_pqsK_G9ETDu34Vt_0DPyGQ#/registration 
22 желтоқсан, сағат 10.00 (Москва уақыты) – EBSCO Connect – EBSCO электрондық ресурстарын көрнекі әрі кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін құралдар алаңы (тек кітапханашыларға арналған).
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_o5_RPdBVQ8WIJ1K33dRbcw#/registration 
23 желтоқсан, сағат 10.00 (Москва  уақыты) – ECM платформасы (EBSCOhost Collection Manager) – EBSCO электрондық кітаптарының каталогы. Кітап коллекцияларын сатып алу және басқару (тек кітапханашыларға арналған).
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_tyFsc7NFSiC0LioW3AG9Ow#/registration 
23 желтоқсан, сағат 13.00 (Москва уақыты) – Бизнес және экономика ресурстарына арналған жаңа бизнес интерфейсі.
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_YZsZSJgpS-y_JUdC-gIkcQ#/registration 
24 желтоқсан, сағат 10.00 (Москва уақыты) – Цифрлық дәуірдегі кітапханашылардың кәсіби құзыреттері.
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_9Sn_ZXFSSg28P5LnjotSpQ#/registration 
24 желтоқсан, сағат 13.00 (Москва уақыты) – Medline және CINAHL ғылыми медициналық журналдар топтамалары – оқытушыларға, студенттерге, ғалымдарға және практик дәрігерлерге көмек.
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_rJruygzPQn2eHIyQ7EyL3A#/registration 
26 желтоқсан, сағат 10.00 (Москва уақыты) – EBSCO Experience Manager және EBSCOadmin – EBSCO ресурстарын басқаруға арналған платформаларға шолу (электрондық ресурстармен жұмысқа жауапты кітапханашылар үшін).
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_E8a8b3MRRZeXBVhaYYse-g#/registration 
29 желтоқсан, сағат 13.00 (Москва уақыты) – Әлемдік деңгейдегі мақалаларды дайындауға арналған құрал ретінде EBSCO электрондық ресурстары.
Тіркелу сілтемесі: https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_TVbHicHlRBGweeRUXTgMQg#/registration 
    Вебинар жүргізушісі:   Сержан Ирина, клиенттерді оқыту жөніндегі маман (Молдова, Орталық Азия, Кавказ өңірі) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді Қазақстан Республикасының басты мерекелерінің бірі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
   Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы, ел үшін жанын қиған ерлердің өшпес ерлігі мен жас ұрпақтың асқақ рухының жемісі. Желтоқсан оқиғасында ел болашағы үшін бастарын бәйгеге тіккен қайсар жастардың ерлігі бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасына айналды.
   Көк Туымыз көкте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, болашағымыз баянды болғай!

    Құрметті журнал баспагерлері мен редакторлары!

   Ғылыми еңбектердің қамтылуы мен ықпалын кеңейтуді мақсат ететін журнал баспагерлері мен редакторларына арналған онлайн іс-шараға Сіздерді шақырамыз!
   Wiley Online Library 11 желтоқсан күні, сағат 15:00-де редакторларға арналған маңызды вебинарға шақырады:
   «Журнал баспагерлері мен редакторлары зерттеулердің ықпалы мен көрінуін қалай арттыра алады»
Тіркеу сілтемесі:   https://register.gotowebinar.com/register/4723739899338665307