Жаңалықтар
 
тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

 Кітапханалық-ақпараттық орталықтың кітап қоры «Алашорда ісі.1920–1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты 12 томнан тұратын тарихи-құжаттық жинақпен толықтырылды.
   Көптомдықта ғасырға жуық мерзім ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі Істер министрлігінің, Бас прокуратурасының архив қорларында жабық түрде сақталып келген «Алашорда-Қазақ» мемлекеттігі үшін күрес жолында мерт болған қайраткер тұлғалар мен олардың отбасы мүшелері үстінен жүргізілген тергеу материалдары мүмкін болғанша толық күйде берілген.
   Тарихтан сыр шертетін құнды жәдігер 2 жылға жуық жазылған. Осы уақыт ішінде 35 тарихшы ғалым, археографтар мен архившілер 688 мыңнан астам құжатты жинақтап, жүйеге келтірген. Оның ішінде бұрын жарияланбаған 3000-нан астам құжат және фотосурет бар.
   Жинақ тарихшыларға,ЖОО оқытушыларына, докторанттар, магистранттар мен студенттерге, сондай-ақ XX ғасырдағы Қазақстан тарихына қызығушылық танытушыларға арналған. 

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №6 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндеріне» шақырамыз!
    - 2025 жылдың 17-21 ақпан аралығында, сағат 10.00-17.00 «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің білім беру бағдарламалары бойынша,  «Әлеуметтік психология», «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру», «Педагогика», «Педагогикалық психология», «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                             №6 оқу залы (5.2 педагогикалық кешен)

Secretaria de Relações Internacionais | Office of International Relations

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   13 ақпан сағат 14:30-да "Ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықтарды табу және нығайту. SciVal құралын қолдану әдістері" тақырыбында вебинар өткізіледі.
   Спикер:Рабиға Хожамқұл - Informascope компаниясының консультанты.
   Тіркелу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/86035636040?pwd=SjWcKblmIYPZa DtoqeeVCbokLdTHQG.1
   Конференция идентификаторы: 860 3563 6040
   Кіру коды: 690411
   Өтетін орны: 2.3-308

Құрметті оқырман қауым!

  Сіздерді 2025 жылдың ақпан айының 12-ші жұлдызында, сағат 16-00-де «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында  №5 оқу залы қызметкері мен Тараз университетінің «Ұя» жастар ұйымы  бірлесіп  ұйымдастырған  «Оқуға құштар жастар» тақырыбындағы  дөңгелек үстелге шақырамыз!
   Іс-шараның мақсаты  - өңір жастарын кітап оқуға баулу, мәдениетті адам болуы үшін келешек ұрпақты рухани байлық - кітапты дәстүрлі оқи алатындай тәрбиелеу процессіне өзіндік үлесін қосу.
   📍 Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68)

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

     2025 жылдың 5 ақпанында Дулати университеті мен Elsevier онлайн кездесуі SciVal платформасы мен оның мүмкіндіктерін атап өтті. Кездесу аясында қатысушылар SciVal функционалдық мүмкіндіктерімен танысты, сондай-ақ халықаралық жобалар мен ғылыми зерттеулердегі заманауи үрдістер туралы білді.
    2025 жылғы 10 ақпаннан бастап 21 ақпанға дейін SciVal платформасының сынақ нұсқасын пайдалану мүмкіндігі беріледі. Бұл барлық профессорлық-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлеріне, сондай-ақ студенттерге, магистранттарға, докторанттарға пайдалы болады.
       SciVal платформасына Scopus-та тіркелген логин -пароль бойынша кіруге болады.

Құрметті Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің
оқытушылары мен студенттері!

   Сіздерді, 2025 жылдың 17-24 ақпан аралығында Кітапханалық - ақпараттық орталығында №1 оқу залының (2.6 корпус)  ұйымдастыруымен «Ақпарат күндеріне» шақырамыз. Сіздер техникалық және кәсіптік білім беру бойынша кітапхана қорына жаңа келіп түскен кітаптармен және E-UNI, PROFобразование электронды кітапханаларының ресурстарымен таныса аласыздар.