Жаңалықтар
 
тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар!

Сізді Elsevier ұсынған Scopus вебинарларына шақырамыз (ағылшын тілінде):
Сәрсенбі 5 наурыз, сағат 15.00 Discover promising research topics in SciVal
Сәрсенбі 19 наурыз, сағат 15.00 Literature search in Scopus
Тіркеуге сілтемелер әр іс-шараның атауында белгіленген. Іс-шараның тілі-ағылшын тілі.
Спикер: Антон Дегтев, Elsevier ғылыми-зерттеу шешімдері бойынша кеңесші.
Ағылшын тіліндегі басқа Elsevier вебинарлары https://www.elsevier.com/hubs/central-and-eastern-europe-customer-hub және Researcher Academy

Құрметті оқырмандар!

   Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке - Алғыс айту күні! Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы.
   Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елімізге тыныштық, отбасыларыңызға бақ пен береке, баршаңызға болаттай берік денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!

АБАЙ  ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ  ТУҒАНЫНА  180  ЖЫЛ

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді 2025 жылдың ақпан айының 27 жұлдызында, сағ. 14.00-де Қазақтың ұлы  ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының аясында ұйымдастырылған «Абай - дана, Абай - дара қазақта!» атты әдеби-сазды кешіне қатысуға шақырамыз!
   Сонымен қатар  «Абайдың асыл мұрасы» атты кітап көрмесін ұсынамыз.
   Өтетін орны:  КАО, оқу залы №4 (1.2 кешені, ЭжҚФ)
 Ұйымдастырушылар: Дулати универсиетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы  және «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері.

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді 2025 жылдың 27 ақпан күні сағ. 14-00-де өтетін «Алашорда ici. 1920-1940 жж. құжаттар мен материалдар» атты 12 томнан тұратын тарихи-құжаттық жиынтығының жарық көруін ақпараттық қолдау іс-шаралар жоспары бойынша  «ББ Тарих және география» кафедрасы мен  №6, №7 оқу залдарының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Алаш арыстарының асыл мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты дөңгелек үстелге  шақырамыз!
    Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,  
                        №2 оқу залы  (2.1 технологиялық кешен) 
                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндері» шақырамыз!
    - 2025 жылдың 24 ақпан мен 4 наурыз аралығында, сағат 10.00-17.00 «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті»  және  «Әлем тілдері» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                             №5 оқу залы (4.1 педагогикалық кешен)

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді 2025 жылдың 20 ақпанында сағат 15:00-де «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жыр жұлдызы – Жұмекен» тақырыбындағы дөңгелек үстелге шақырамыз!
   Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін арттыру.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                      №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68).