Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Кітапханалық – ақпараттық орталық Сіздерді, №2 оқу залы қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» шақырамыз!
-2025 жыл 5 мен 17 наурыз аралығында «Ақпараттық жүйелер», «Автоматизация және телекоммуникация», «Қолданбалы информатика және бағдарламалау», «Қолданбалы математика және физика» кафедраларына;
-2025 жыл 17 мен 31 наурыз аралығында «Тамақ өндірісі және биотехнология», «Текстиль, материалтану және стандартизация», «Дизайн және сән индустриясы», «Химия және химиялық технология» кафедраларына.
Іс-шараның мақсаты - білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныстыра отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
Өтетін орны:тех.кешені, 2-қабат, оқу залы.
Уақыты:9.00-17.00 сағ.
Құрметті оқырмандар!
Дулати универсиетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы және «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттерінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың ақпан айының 27 жұлдызында, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының аясында ұйымдастырылған «Абай - дана, Абай - дара қазақта!» атты әдеби-сазды кеші өтті.
2025 жыл – кітап оқу жылы болып жариялануына орай, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы ашылды. Жоба арқылы өңір жастарын кітап оқуға баулып, келешек ұрпақты тәрбиелеу процессіне үлес қосу – басты мақсат.
Кештің мақсаты: Абай шығармашылығының рухани-мәдени маңыздылығын жастарға танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Абай мұрасын кеңінен насихаттау арқылы жастардың қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, көркемсөздің терең мәнін ұғындыру, ұлттық өнер мен дәстүрді жаңғырту.
Әдеби-сазды кешке «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушылары Куненова П.С., Молдазимова А. және кітапхана қызметкерлері, студенттер қатысты.
Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторының меңгерушісі Нұргүл Сапарғалиқызы сөз алып, тәуелсіз еліміздегі барлық дүниені Абайдың даналығымен байланыстыру керектігін тілге тиек етті. Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірімен таныстыра отырып, «Абайдың асыл мұрасы» атты кітап көрмесін назарға ұсынды.
Әдеби-сазды кеш Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдпен сүйемелденді. «Мәдениет және өнер» кафедрасының білімгерлері Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін, аудармаларын және поэма үзінділерін жатқа оқып, өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, «Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы» әндері (хор) орындалды. Көрермендерге Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтар қойылды. Кеште ұлы ақынның өнегелі өмірі, даналығы көрерменге кеңінен таныстырылып, рухани асыл мұралары насихатталды.
Кеш соңында ұйымдастырушылар сөз алып, ақынның туындылары өскелең ұрпақты адалдыққа, ізгілікке жетелейтіні жайлы сөз қозғады. Өнер көрсеткен қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, университет басшылығының атынан «Алғыс хат» табыстады. Ақын мерейтойының аясындағы тағылымды шаралар кітапханаларда алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар!
Сізді Elsevier ұсынған Scopus вебинарларына шақырамыз (ағылшын тілінде):
Сәрсенбі 5 наурыз, сағат 15.00 - Discover promising research topics in SciVal
Сәрсенбі 19 наурыз, сағат 15.00 - Literature search in Scopus
Тіркеуге сілтемелер әр іс-шараның атауында белгіленген. Іс-шараның тілі-ағылшын тілі.
Спикер: Антон Дегтев, Elsevier ғылыми-зерттеу шешімдері бойынша кеңесші.
Ағылшын тіліндегі басқа Elsevier вебинарлары –https://www.elsevier.com/hubs/central-and-eastern-europe-customer-hub және Researcher Academy

Dear readers!
The holiday that coincides with the first day of spring is Thanksgiving Day! The holiday, which is the first holiday of spring, is a bright symbol of kindness, friendship and warm feelings of all Kazakhstanis towards each other.
We sincerely congratulate you all on Thanksgiving Day! We wish peace to our country, happiness and prosperity to your families, strong health and creative success to all of you!
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ
Құрметті оқырман қауым!
Сіздерді 2025 жылдың ақпан айының 27 жұлдызында, сағ. 14.00-де Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының аясында ұйымдастырылған «Абай - дана, Абай - дара қазақта!» атты әдеби-сазды кешіне қатысуға шақырамыз!
Сонымен қатар «Абайдың асыл мұрасы» атты кітап көрмесін ұсынамыз.
Өтетін орны: КАО, оқу залы №4 (1.2 кешені, ЭжҚФ)
Ұйымдастырушылар: Дулати универсиетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы және «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері.
Құрметті оқырман қауым!
Сіздерді 2025 жылдың 27 ақпан күні сағ. 14-00-де өтетін «Алашорда ici. 1920-1940 жж. құжаттар мен материалдар» атты 12 томнан тұратын тарихи-құжаттық жиынтығының жарық көруін ақпараттық қолдау іс-шаралар жоспары бойынша «ББ Тарих және география» кафедрасы мен №6, №7 оқу залдарының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Алаш арыстарының асыл мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты дөңгелек үстелге шақырамыз!
Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
№2 оқу залы (2.1 технологиялық кешен)
БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
16 February 2026
257