News
 
8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Mon.-Fri. 9.00 - 18.00

      Құрметті университет оқытушылары мен жас ғалымдары!

     Сіздерді Clarivate компаниясының орыс тіліндегі тегін вебинарларына шақырамыз. Вебинарлар ZOOM платформасында өтеді және оларды Clarivate компаниясының өңірлік шешімдер бойынша кеңесшісі Ирина Тихонкова жүргізеді.
Бағдарламада:
- EndNote референс менеджері арқылы ғылыми мақалалар мен еңбектерді рәсімдеу
- Web of Science жүйесінде базалық және кеңейтілген іздеу тәсілдері
- Сертификаттау бағдарламасына дайындық
- Journal Citation Reports жаңартулары
Тіркелгеннен кейін сізге вебинарға кіру үшін қажетті ақпарат жіберіледі. Сондай-ақ, вебинар басталардан 1 күн және 1 сағат бұрын еске салу хаттары жолданады.
Таңдалған вебинар уақытының 90%-не қатысқан жағдайда сертификат беріледі.
Сертификаттау бағдарламасы 25-27 маусым аралығында өтеді.
Толық кесте: https://clarivate.libguides.com/CA
Вебинарлар уақыты: 14:00-де (Алматы уақыты) 
Clarivate ресурстары немесе қосымша ресурстарға жазылу бойынша сұрақтарыңызды Қазақстандағы өкілге жолдай аласыз: Инеш Кенжина  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
                     Вебинарларға тіркелу ашық.                                    
Clarivate Essentials
17 маусым
Тақырып: Web of Science Core Collection жүйесінде кеңейтілген іздеу (Сертификатқа дайындық)
Мазмұны:
- Сертификаттау бағдарламасына дайындық аясында келесі тақырыптар қарастырылады:
- Web of Science Core Collection жүйесінде кеңейтілген іздеу тәсілдері
- Іздеу сұраныстарының синтаксисі және іздеулерді біріктіру
- Ұйымның жарияланымдық белсенділігіне талдау жасау
- Қатысушылардың сұрақтарына жауап беру
Уақыты: 14:00–14:45 (Алматы уақытымен)
Тіркелу сілтемесі:
 https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_xUqJSKtZSbKLXF50EejVzQ

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   2025 жылғы 5 маусым сағат 15:00-де вебинар өтеді!
                    Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі!
   Спикер: Гүлжауар Бикжанова — Қазақстандағы авторлармен жұмыс істеу бойынша EDP Hub жетекші маманы.
   Вебинарда талқыланатын тақырыптар:
  - Жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары үшін білімді цифрландыру тренді нені білдіреді;
  - Публикациялық белсенділік қалай бағаланады және электрондық жарияланымдардың артықшылықтары қандай;
  - Неліктен кітапханалар цифрлық форматқа көшеді және бұл білім таратуға қалай әсер етеді;
  - III Ұлттық «Global SciCall: жаңа білім қоры» жарияланымдар байқауына қалай қатысуға және байқауға сәтті жұмыс дайындауға болады.
   Тіркелу сілтемесі:
   https://ipr-vebinar.ru/edp-hub-publication-activity

Құрметті оқырмандар!

   Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! 
   Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.
   Тәуелсіз еліміздің көк Туы аспанымызда желбірей берсін!

 

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!


   Clarivate вебинарларына қатысуға шақырамыз.
   3 маусым
    Тақырыбы: Журнал форматына сай жұмысты EndNote көмегімен рәсімдеу
  Тезистер: Вебинарда ғылыми журналдарда әдебиеттер тізімін рәсімдеу форматтарын қарастырамыз. EndNote референс-менеджері деген не, қалай жұмыс істейді және оны қалай баптауға болады. Өз коллекцияңызды қалай құру және толықтыру қажет. Жұмысты берілген форматқа сай рәсімдеу үшін Cite While You Write™️ құралын пайдалану. Таңдалған басылымда әдебиеттер тізімі қандай форматта рәсімделетінін қайдан білуге болады. Сұрақтарыңызға жауап береміз.
   Уақыты: 14:00
   Тіркелу:
https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_jP2hXi_4SnCN8T09m2YHOg

Құрметті оқырмандар!

  Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы. Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Әрбір жас ұрпақ мемлекеттік рәміздердің қадір қасиетін бойына сіңіріп, қастерлеуі тиіс.   
 Сіздердің назарларыңызға Кітапханалық-ақпараттық орталық ұйымдастырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздер – мемлекет негізі» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз.    

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Кітапханалық - ақпараттық орталық жыл сайын маусым айында оқырмандардың қолындағы кітаптарды қайта тіркеуден өткізуді ұйымдастырады. Осыған байланысты үйге пайдалануға алған кітаптарыңызды кітапханаға келіп немесе онлайн түрде http://lib.dulaty.kz қайта тіркеуден өткізулеріңізді өтінеміз.
         Абонемент №1 (2.1 технологиялық кешен), байланыс тел: 45-74-33
         Абонемент №3 (5.2 педагогикалық кешен), байланыс тел: 45-74-33